Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егде адамның бетпердесін киген спортшы бодибилдерлерді алдап соқты (видео)

Кроссфитпен айналысатын спортшы Кеннет Леверик (Kenneth Leverich) бодибилдер жігіттермен қалжыңдасты.

Безымянный

К.Леверик өз бетіне егде қарттың гримін жасап, спортшылар жаттығатын жерге барды. Өзін кәрі шал деп қабылдағанына көзі жеткен соң, жігіттердің зілтемірін көтеріп көруді сұрайды.

Бодибилдерлер «зейнеткердің» өтінішін аяқасты етпеді, ал қарт бейнесіндегі К.Леверик өзінің күшімен, епті қимылымен көпшілікті таң қалдырды. Пранк YouTube желісіне жарияланды.

Кроссфит – барлық жаттығулар айналу кезінде орындалатын жоғары қарқынды, интервалды жаттығу.

Жіберіп алмаңыз:

73 жастағы бодибилдер әжей ғаламтор жұлдызына айналды (фото)

Әлемдегі ең шымыр денелі әже 80 жасқа толды (фото)

Талқылау