Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Эфиопиядағы ұшақ апатынан соң Қазақстанда Boeing 737 MAX қолданысы тоқтатылды

Эпиопиядағы ұшақ апатынан кейін Қазақстанда Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап Stan.kz.

Эфиопиядағы ұшақ апатынан соң Қазақстанда Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану тоқтатылды

«2019 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстанда Scat әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағының пайдаланылуы уақытша тоқтатылды. Қазақстандық реестрде әуе кемесінің мұндай түрінің біреуі ғана тіркелген», - дейді комитеттегілер. 

Естеріңізге сала кетсек, 10 наурыз күні таңертең Аддис-Абебадан Найробиге жол тартқан Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесімен байланыс ұшақ жерден көтерілгеннен кейін алты минуттан соң жоғалды. Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 149 жолаушы және экипаждың сегіз мүшесі болған. Қаза болғандардың арасында 35 елдің азаматы бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр