Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕЧ финалында Франция жеңеді деп ұтысқа 200 мың рубль тіккен ресейлік пойыз астына секірді

Ижевскте ер адам пойыз астына секірді. Бұған Еуро-2016 ойынындағы Францияның ұтылысы себеп болған. Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі хабарлағандай, Фидель  матч алдында команда жеңеді деп ұтысқа бар жиған ақшасын – 200 мың рубль тіккен.

пойыз

Еуро-2016 ойынының финалы өткеннен кейінгі күні ер адам пойыз астына секірді. Машинист шұғыл түрде пойызды тоқтатты, дегенмен оқиға қайғылы аяқталды.  27 жастағы ер адам жақындап келе жатқан пойыздан небәрі 50 метр жерде тұрған.

Анықталғандай, Фидель Н. достарына қаржыдан қатты қысылып жүргенін айтқан. Алдын ала болжам бойынша ер адам ірі көлемдегі борышын өтеу үшін ұтысқа бар ақшасын тіккен.

 

Талқылау