Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш күн бұрын жоғалып кеткен Астана тұрғыны компьютерлік клубтарда бой тасалаған

Үш күн бұрын жоғалған Астана тұрғыны отбасына оралды, ол осы күндерде   компьютерлік клубтарда жүрген, қонақүйде түнеген. Ол бұл әрекетіне отбасылық жанжал себеп болғанын айтты.

602956652

Сурет: ria.ru 

Астана ІІД баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес 23 маусымда Иван Лебедевтің туысқандары ер адам таңертең үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін үйіне оралмағаны туралы шағыммен жүгінді.

Полицейлер оның қайда екенін табу үшін жедел іздеу шараларын жүргізді. Таныстары, достары, болуы мүмкін деген орындар анықталды. Компьютерлік клубтарда іздеу шаралары жүргізілді.

«Бүгін Лебедев табылды. Оның компьютерлік ойынға құмарлығынан отбасында жанжал туындағанын айтты. Сондықтан да үйіне қайтқысы кеелмеген. Осы уақыт ішінде түнде қонақүйде түнесе,  күндізгі уақытын компьютерлік клубта өткізген», – деп хабарлады ІІД.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде пәтер ішінен ойынхана ашқан қытай азаматы сотталды

АҚШ-та әкесі видеоойын үшін екі жасар қызын өлтірді

Талқылау