Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүкеннен 100 қорап темекі ұрлаған ер адам 20 жылға сотталып кетті

АҚШ-тың Флорида штатында ер адам дүкеннен 100 қорап темекі ұрлағаннан кейін тұтқындалды.

Дүкеннен 100 қорап темекі ұрлаған ер адам 20 жылға сотталып кетті

Роберт Спеллман өз қаласындағы азық-түлік дүкенінің жабық қоймасынан 100 қорап темекіні қолды қылған. Ол ұрланған темекіні үйіне алып бара жатқан жолда полицейлермен тұтқындалды, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам жалпы сомасы 600 долларды (200 мың теңгеден аса) құрайтын темекі ұрлағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Роберт 14 қылмыс жасап, 30 ұсақ ұрлыққа барған. Сондықтан оған барынша қатаң жаза беру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар сот төрағасы үкімді оқып тұрған кезде өзін ұстай алмай, ұрыға қарай кітап лақтырып жіберген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау