Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдошы Максим Раков Риодағы жорығын аяқтады

Дзюдодан әлем чемпионы, 100 келіге дейінгі салмақта күрескен қазақстандық Максим Раков өзінің екінші кездесуінде жеңіліп қалды.

465

Ол 1/8 финалда чех балуаны Лукаш Крпалектен ұтылды. Раковтың алған ескертулер санының басым болып кетуіне байланысты, ол жарыс жолынан шығып қалып отыр.

Раков алғашқы белдесуінде эстониялық Григорий Минаскиннен басым түскен еді. Бұл салмақтағы алтынға басты үміткер жапониялық Рюносукэ Хага болып есептеледі.

Жалпы, Қазақстан құрамасы атынан барған дзюдошылардың барлығы осымен олимпиададағы жорықтарын аяқтады. Олардың арасынан тек Елдос Сметов күміс, ал Галбадрах Отгонцецег қола жүлде алды.

Оқи отырыңыздар:

Елдос Сметовтың анасы: Елдос күрескенде далаға шығып кетемін

Желі қолданушысы қазаққа қола әперген моңғол қызына өлең арнады

Талқылау