Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш алтын медаль иеленді

Ташкентте дзюдодан Азия чемпионаты басталды. 48 салмақ дәрежесінде қазақстандық дзюдошы Отгонцэгцэг Галбадрах алтын медаль ұтып алды. Ол финалда Моңғолия спортшысын тізе бүктірген.

14407308172622424

Фото: newsfactory.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Финалда жапон спортшысын жеңген Мариан Урдабаева 63 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында Азия чемпионы атанды.

60 кг салмақ дәрежесіндегі ерлер арасында Елдос Сметов жеңіске жетті. Спортшы шешуші кездесуде Өзбекстан дзюдошысы Диорбек Урозбаевпен кездескен болатын. Елдос Жұмақанов (66 кг) қола медаль, жас спортшы Дидар Хамза (73 кг) жапондық қарсыласынан жеңіліп, күміс медаль иеленді.

Рүстам Ибраев (60 кг) пен Дастан Ықыбаев (73 кг) үздік дзюдошылардың тізімінде бесінші орынға келіп жайғасты.

Жарыстың алғашқы күнінде спортшыларымыздың қанжығасында үш алтын, бір күміс және бір қола бар.

Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды облысында дзюдошының букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау