Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джуринская түсірілімде украиналық актерлермен сүйісіп, төсектес болудан бас тартты

Жәния Джуринская украиналық “Құтқарушылар” фильмінде басты рөлді сомдап жатыр. Ол режиссерлердің көптеген ұсыныстарымен келіскенімен, актерлермен сүйісіп, төсектес болудан бас тартқан.

image

Фото: instagram.com/djurinskaya/?hl=ru

Бұл туралы “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жуырда Жәния Джуринскаяның украиналық “Құтқарушылар” телехикаясында басты рөлді сомдап жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Актриса шынайы өмірде жүзе алмаса да, аталған фильмде көптеген жігіттің өмірін ажал аузынан алып қалады. Ол суда жүзе алмайтын жандарға көмектесіп, батып бара жатқандарды жағаға шығарады.

Жәния бұл рөлге күтпеген жерден тағайындалған екен. Тіпті кастингтен скайп желісі арқылы өткен. Сценарий алдын ала жіберілсе де, кастинг кезінде қатты қобалжығанын жасырмайды. Телехикаяның түсіріліп жатқанына бірнеше күн болса да, Жәния режиссерлерді таңқалдырып үлгерген-ді. Ол бара салысымен түсірілім кезінде жігіттермен сүйісіп, олармен төсектес болмайтындығын айтқан. Бастапқыда бұл тақырып еш талқыланбаса да, режиссерлер өздерінің келісімін берген.

Желі қолданушылары да оның бұл әрекетін қоштай түсті. Оған сәттілік тілеп, жақсы көретіндіктерін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Жағажайда бикинимен жүгірген Джуринская жұрттың ашуын келтірді (видео)

Астанада “Барлығы жігіттер үшін” фильмінің түсірілім жұмыстары басталды (фото, видео)

Жалаңаш суретке түсіп, сымбатын көрсеткенді ұнататын танымалдар (фото)

Жұрт Джуринскаяны жүкті қылған жігітті іздеп жатыр (фото)

Талқылау