Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джуринская Нюшаға пародия жасап жұртты күлдірді (видео)

Жәния Джуринская дәл қазір шетелде телехикаяға түсіп жатыр. Ол түсірілім алаңында Нюшаның “Вою на луну” атты бейнебаянына пародия жасап жұртты күлкіге қарық қылды.

image20

Фото: instagram.com/djurinskaya/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дәл қазір Жәния Джуринская Украинаның Киев қаласында “Құтқарушылар” атты телехикаяға түсіп жатыр. Бойжеткен жуырда ғана түсірілім алаңында адамға лайық жағдай жасалмағандығын айтып шағымданған болатын. Себебі, олар күздің суығында көл жағасында жұмыс істеп жатыр екен. Осыған орай, интернет дүкендердің бірінен жылы киімдер алдырған-ды.

Десе де, қазақстандық актриса түсірілім кезінде көңілді сәттердің де болып жатқанын жасырмайды. Тіпті түсірілім арасында Нюшаның “Вою на луну” атты бейнебаянына пародия жасап үлгерген екен. Аталған пародияның сәтсіз екенін өзі де айтуда. “Нюшаның бейнебаянына жасалған ең нашар пародия”, – дейді ол. Ал желі қолданушыларына актрисаның бұл әзілі ұнап қалған сыңайлы. Олар өз кезектерінде жағымды пікір білдіріп жатты.

“Осы видеоны ұзақ күттік қой. Көбірек болсыншы. Жан-дүниеңде маздаған от мәңгілік жансын”, “Керемет! Әрдайым осылай күліп жүр”, “Жаныңдағы жігіт әбден күлкіге қарық қылды ғой”, “Жәния, сіз маған қатты ұнайсыз. Үнемі күлімсіреп жүріңіз”, “Бұл әннің орнына “Не перебивай” атты туындысын таңдауыңыз керек еді” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Жағажайда бикинимен жүгірген Джуринская жұрттың ашуын келтірді (видео)

Астанада “Барлығы жігіттер үшін” фильмінің түсірілім жұмыстары басталды (фото, видео)

Жалаңаш суретке түсіп, сымбатын көрсеткенді ұнататын танымалдар (фото)

Жұрт Джуринскаяны жүкті қылған жігітті іздеп жатыр (фото)

Талқылау