Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джордж Сорос ойламаған жерден акцияларын алтынға ауыстыра бастады

 

 Америкалық  миллиардер Джордж Сорос  ұзақ мердімді үзілістен кейінҚаржы нарығына қайта оралды. Оның Soros Fund Management LLC деп аталатын қоры  30 миллиард долларды айналдырып отыр. Енді миллиардердің қоры ойламаған жерден өз акцияларын алтынға, алтын өндіретін кәсіпорындарға ауыстырыла бастады.

миллиардер

Бұл туралы Лента.ру сайты жазды.

The Wall Street Journal   бұндай қадам инвестордың пессимистік көңілін білдіреді деп жазды. Миллиадерлердің әдеті бойынша өз акцияларын алтында, бағалы металда сақтау құнды қағаздардың бағасы түсе бастаған сәтте жасалынатын әрекет.

Соңғы алты айда Соростың пейілі пессимизм жаққа ауа бастаған. Бұған себепші факторлар жетерлік. Бірі қытай экономикасының бір орында қатып қалуы. Одан қалса  Еуропа елдері арасындағы саяси ахуал. (Оның ішінде Ұлыбританияның ЕО тізімінен шығуы болуы мүмкін)

Дегенмен  америкалық және  қытайлық  қор нарығы соңғы екі айда айтарлықтай тұрақтанды, бірақ бұдан келер өзгеріс болмай отыр.

Соңғы жылдары Сорос  өз қаржысын ешқайда салмаған. Бірақ, өз қорындағы жұмыстарды жіті бақылауында ұстаған. Ол өз сөзінде соңғы жылдары тек қайырымдылықпен айналысып жүргенін айтқан.

Джордж Сорос 1970 жылдары байлығын еселеп арттырып,  қоғамдық саясатқа араласа бастаған.

Америкалық қаржыгердің Bloomberg басылымына қаңтар айында берген сұхбатында  ол Қытай экономикасының төмендейтінін болжаған. Оның ойынша  себеп, капиталдың жылыстауы және ірі көлемдегі мемлекеттік қарыз.

Қытай экономикасындағы дағдарыс жылдар бойы сақталып келген әлемдік бағаны құлатуы мүмікн екен.

Джим Роджерспен біргелікте құрылға Quantum қоры  10 жылдың ішінде 4200 пайызға табыс әкелген, оның ішінде америкалық индекс S&P тек 47 пайызға өскен.

Талқылау