Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызыл кілемге мас болып келген Джонни Депп жұрттың мазасын алды (фото)

Голливуд жұлдызы Джонни Депп Лондонда өткен “Шығыс экспресстегі өлім” фильмінің алғашқы көрсетіліміне мас күйінде келді. Актер, тіпті, үстіне киген киімін де үтіктемеген екен. Күзетшілер оны шара бойы қолтықтап жүруге мәжбүр болды.

Бұл туралы The Sun басылымы хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Джонни фильмнің алғашқы көрсетіліміне дейін The Box клубында демалып отырған. Шараға келгенге дейін мастығы тарап үлгермеген сияқты. Мұнымен қатар, әріптестері де актермен тілдесудің оңайға соқпағанын айтты.

Джонни алғашқы көрсетілім кезінде де құттықтау сөзді дұрыс айта алмаған. Осы уақытқа дейін актер әйелі Эмбер Хердпен ажырасып, арада тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты сот ісі қозғалған-ды.

Көпшілік оның мастығын жан күйзелісімен байланыстырды.


Жіберіп алмаңыз:

Семейлік бойжеткен халықаралық сән және дарын байқауын жеңіп алды

«Заман» тобының әншісі Ерген Айтымбетов не себепті дінге бет бұрғанын ашып айтты

Дінге бет бұрған әншілер «ән айту – харам» деген пікірге қатысты жауап берді

Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты

Талқылау