Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джонни Депп актерлік мансабында үзіліс жариялады

Атақты Джонни Депп актерліктен бір уақыт қол үзе тұратындығын айтты. Ол «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінің жаңа бөліміне түсіп болған соң рок-музыкамен айналыспақшы.

depp_269

Депп The Hollywood Vampires атты рок-топтың құрамында жаңа альбом жазуға қатысады.  Актер осы топпен бірге «Грэмми» жүлдесін табыстау салтанатында өнер көрсеткен еді. Шығармашылығы жұрт көңілінен шыққан рокерлер (Джонни Депп, Винсент Фурнье және Aerosmith тобының экс-қатысушысы Джо Перри) бірігіп, біртұтас альбомды таспаға басып шығаруды шешіпті. Мұнан соң топ әлемді аралап, концерт қоймақшы.

Естеріңізге сала кетейік, Джонни Депптің ең табысты актер атағын ақтай алмағандар қатарында көшбастап тұрғаны және оның жас әйелінің тұңғышына жүкті екенін хабарлаған болатынбыз.

Талқылау