Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джон Сноу кесілген адамның басын тоңазытқышқа салып қалыңдығын шошытты

Актердің айтуынша, ол осылайша қалыңдығымен күлкі күнінде әзілдеспек болған.

Бұл туралы Лента.ру басылымы хабарлайды.

Jonathan Ross Show бағдарламасында актер Кит Харингтон өзінің қалыңдығы Роуз Леслимен қалай әзілдескенін айтып берген. Екеуі “Игра престолов” фильмінде басты рөлді сомдаған болатын.

Тоңазытқышты ашқан Лесли есінен танып, жерге құлап қалады. Ол тоңазытқыштың ішінен Харингтонның басын көріп талып қалған екен. Десе де, актер осы әзілі үшін әлі күнге дейін өкінетінін айтады. Себебі, қалыңдығы ұзақ уақыт өзіне келе алмай, жылап жүрген екен.

“Дәл осылай екінші рет жасайтын болсам, жағдайымның қиындайтынын айтты. Осы сәтте ол маған тойды меңзеп тұрғандай болды”, – дейді актер. Актер осы әзілінен кейін бірден үйлену туралы ұсыныс жасаған екен.

Естеріңізге сала кетсек, Кит Харингтон қалың жұртқа “Игра престолов” телехикаясындағы Джон Сноу рөлімен танымал. 2017 жылы ол гонорары жоғары актерлердің біріне айналған болатын. Ол телехикаяның әр эпизодына 1,1 миллион ақша алып отырған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі қанша баланың әкесі екенін айтты

Аша Матай: Қайрат пен Жұлдыздың бір-біріне деген махаббаты ыстық екен

Төреғали көңіліне кірбің түсірген әріптестері жайлы бар шындықты жайып салды

Нумеролог: Қызқұмар Айқын үшінші рет үйленуі мүмкін

Талқылау