Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джон Леннонның шашы 35 мың долларға бағаланды

Джон Леннонның шашы АҚШ-тағы аукционда 35 мың долларға сатылды. 1966 жылы гамбургтік шаштараз Клаус Барук “Битлздың” әйгілі музыкантының шашын өзінде сақтап қалған. Сол кезде Джон Леннон “Мен қалай соғысты жеңдім” атты фильмге түсуге дайындалып жүрген болатын.

160221105553_lennon_hair_promo_640x360_getty_nocredit

Сурет Getty

Бұл туралы BBC орыс қызметі  хабарлайды.

Аталған картина келесі жылы-ақ экранға шыққан. Бұл режиссер Рифард Лестердің соғысқа қарсы сатиралық сарындағы фильмі еді. Түсірілім жұмыстары Германияда бір айға жуық уақытқа ғана созылған. 160221105631_lennon_hair_1_624x351_getty_nocredit

Музыканттың шашын Британиялық коллекционер Пол Фрейзер өз жинағына қосып алды. Техаста өткен аукционда Yesterday and Today альбомының данасы да қойылды. Альбомның сыртында музыканттар ақ халат киіп, қолдарына шикі ет пен балалар қуыршағын ұстап тұр. Альбом 42,5 мың долларға саудаланды.

Талқылау