Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джон Бреннан: «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы АҚШ-қа шабуылдар жасауы мүмкін

«Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік тобының содырлары Құрама Штаттардың аумағында жаңа лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыруға әрекеттенуі мүмкін. Бұл жөнінде АҚШ-тағы Орталық барлау басқармасының директоры Джон Бреннан мәлімдеді.

article-20140413-BoykoRu-John-Brennan

«Мен олар мұнда өздерінің адамдарын, материалдарын жіберуге әрекеттенеді деп ойлаймын», – деп шамалады ОББ-ның басшысы. Бұдан басқа, лаңкестер АҚШ аумағында жалданған адамдарға сенуі де мүмкін.

«Олар міндетті түрде табысқа жетеді деп ойламаймын», – деді Бреннан. Лаңкестер Батыс пен Мұсылман әлемінің арасында жанжал шығаруға әрекеттеніп отыр дейді ол. Бреннанның пікірінше, бұл ИМ қатарына жаңа жақтастарды тарту мақсатымен жасалып отыр.

ОББ-ның директоры арнайы қызметтердің Еуропада лаңкестік әрекеттердің жолын кескенін хабарлады. «Сөзіме сенсеңіздер, қауіпсіздік және барлау қызметтері көптеген шабуылдардың алдын алған», – деді ол. Бұл ретте орындаушы күдіктілер де ұсталды, Бреннанның айтуынша, олар «Ирактан Сирияға, одан Еуропаға кейін өткен».

Талқылау