Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джолиды дүкенде көріп қалғандар бұрынғыдан да жүдеп кеткенін айтты (фото)

Жуырда папарацци өкілдері Анджелина Джолиды супермаркетте жүрген жерінен суретке түсіріп алған. Суреттен күннің ыстығына қараматсан, актрисаның қалың жемпірмен жүргенін байқауға болады.

13413297_1686516751609180_754237214_n

Бұл туралы “Ресей газеті” хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Анджелина Джолиды Лос-Анджелесте супермаркеттен шығып келе жатқан жерінен суретке түсіріп алған. Ол уақытта күннің температурасы 39 градусқа дейін көтерілген екен. Өзімен бірге футболка мен қысқа балақ шалбар киген Нокс есімді кенже ұлын ертіп алған.

Анджелинаның 77 жастағы актер әкесі Джон Войтпен кездеспеуге тырысатыны белгілі. Жұлдыз әкесінің бір кездері өзі туралы айтқан сөздерін әлі күнге дейін кешіре алмай жүр екен. Әкесі 2001 жылы қызына психиатрдың көмегі қажет екенін айтқан болатын. Мұнымен қатар, Энджи әкесін анасының көзіне шөп салғаны үшін ұнатпайды екен. Десе де, Джон қызының қиындықтарына көз жұма қарай алмайтын сыңайлы. Туысқандары әкесінің қызына хабарласып, ауруханаға жатуын өтініп сұрағанын айтады.

13181436_1581500332148412_2113101502_n

Ағымдағы жылдың сәуір айында Батыс БАҚ өкілдері салмағы 35 кг Анджелинаның жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түскенін айтқан болатын.

Джоли тіпті тамақтан бас тартқан екен. Ал жолдасы оны аяғынан тұрғызбақ ниетпен ажырасқысы келетінін айтқан. Журналистер оның бұл жағдайын анасының өлімі мен отбасындағы болып жатқан қиындықтармен байланыстырды. Соңғы рет Джолидың денсаулығына қатысты ақпарат 2015 жылы шыққан болатын. Ол кезде актрисаның салмағы 40 кг болған екен.

Актриса алып-қашпа сөздердің барлығын растап, журналистерге барлығын өзі баяндап берді. Жолдасы екеуінің қарым-қатынасы жақсы екенін де айтып өтті. Жұлдыздың сөзіне сенсек, ерлі-зайыптылардың арасындағы отбасылық қиындықтардың барлығы артта қалған.

13385792_1735934543322151_60021990_n

Дәл қазір ол БҰҰ-ның конференциясында сөз сөйлеуге әзірленіп жатыр. Бұдан кейін “Олар алдымен әкемді өлтірді: Камбоджа қызының естеліктері” атты фильмнің түсірілім жұмыстарына кіріспек.

Актриса өзінің қатты арықтап кетуін әдейі тамақ жемеуімен байланыстырды. Десе де, өзін барынша жақсы сезінетіндігін айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыздар:

Анджелина Джоли Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің профессоры болды

Анджелина Дональд Трамптың пікіріне қарсы болып, мұсылмандарды қолдайтынын білдірді

Анджелина Джоли әлемдегі ең құрметті әйел атанды

АҚШ-та Анджелина Джолиден аумайтын қыздың танымалдылығы артып келеді

Талқылау