Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джоли мен Клуни ең әдемі қартайып жатқан жұлдыздар тізіміне кірді

Mashable басылымы ең әдемі қартайып жатқан танымал тұлғалардың тізімін жариялады. Басылымның атап өтуінше, бұл жұлдыздар уақыт өте келе тек ажарлана түсіп келе жатыр.

clooney29082014-1

Сурет hellomagazine.com

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Атап айтқанда, рейтингке 40 жастағы Анджелина Джоли мен 54 жастағы Джордж Клуни, сондай-ақ 46 жастағы Дженнифер Лопес, 73-тегі Харрисон Форд және 40 жастағы Шарлиз Терон кірді.

Бұдан бөлек, тізімге 70-тегі Хелен Миррен, 43 жастағы Идрис Эльба, 49 жастағы Хэлли Берри және 44 жастағы Джада Пинкетт Смит енген. Рейтингті құрушылар Сальма Хайек (49 жас), София Вергара (43 жас), Джон Хэмм (44 жас) сияқты танымал адамдарды да назардан тыс қалдырған жоқ.

Тізімде 43 жастағы Дуэйн Джонсон, 53 жастағы Стив Карелл, 47 жастағы Хью Джекман, 50 жастағы Джоан Роулинг, 52 жастағы Мишель Обама, 81-дегі Мэгги Смит және 78-тегі Джейн Фонданың есімдері бар.

Талқылау