Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеймс Кэмерон “Аватардың” төрт кезеңін жалғастырып түсіріп шықпақ

Голливудтық режиссер Джеймс Кэмерон кино тарихындағы ең кассалық фильмге айналған “Аватардың” төрт сиквеліне анонс жасады.

photo_182356
Сурет fresher.ru

Бұл туралы filmpro.ru хабарлады.

Бастапқыда Кэмерон тағы екі картина түсіргісі келіпті. Бірақ жобаны сценаристермен, дизайнерлер тобымен, суретшілермен бірге талқылағаннан кейін жиналған барлық материалдың екі картинаға сыймайтынын түсінген. Ақыры режиссер бірінші “Аватардан” кейін ізін ала әрқайсысы жеке-жеке болса да, бір идеяға жұмыс істейтін төрт эпикалық фильм шығаруды көздеген. Оның сөзінше, алдағы жобалар туралы көпшілік біле бермейді.

“Аватардың” төртінші бөлімі 2018 жылы шығады деп күтілуде. Тағы үш фильмнің премьерасы 2020,2022,2023 жылдары жарық көруі мүмкін. Еске сала кетсек, “Аватардың” екінші бөлімі 2015 жылы шығуы тиіс болған. Кейінірек тұсаукесердің уақыты 2017 жылдың соңына дейін шегерілді.

“Аватар” 2009 жылы экранға шығып, кассадан 2,79 миллиард доллар жинаған. Фильм виртуалды түсірілім негізінде жүзеге асты. Ойнаған актерлерге компьютерлік эффектілер үйлестірілген. Ондай техника кинематография тарихында алғаш рет қолданылған.

Талқылау