Джеймс Бондты сомдаған атақты актер дүниеден озды
Джеймс Бондты сомдап көпке танылған британиялық актер Роджер Мур дүниеден озды.
90 жасында бақилық болған Роджер Мур қатерлі ісікпен ауырған екен. Актер Швейцарияда қайтыс болды. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне әртістің туысқандары хабарлаған. Жерлеу рәсімі Монакода өтеді.
Айта кетсек, Мур «Живи и дай умереть» (1973), «Человек с золотым пистолетом» (1974), «Шпион, который меня любил» (1977), «Лунный гонщик» (1979), «Только для твоих глаз» (1981), «Осьминожка» (1983) және «Вид на убийство» (1985) атты жеті фильмде агент 007 рөлін сомдады.
Тағы да оқыңыз:Музыкант өзінің мерейтойына арналған концерт үстінде көз жұмды (видео)
ОҚО-да анасы аяусыз соққыға жыққан бала мүгедек болып қалды
Атырау облысында “халық емшісіне” емделген әйел бірден көз жұмды
Талқылау