Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джейкобс Головкинмен кездесуі туралы айтты

Америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) ESPN басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын кездесуі туралы айтып берді.

jacobs-fletcher (3)

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

«Кейде жекпе-жекті көп ойланбастан ұйымдастыру қажет болады. Кейде тіпті рингке шыға салып өзгелердің қолынан келмейтін істі жасау қажет. Егер сіз өзіңізге сенімді болсаңыз, егер Сіз өзіңіздің бойыңыздағы мүмкіндіктеріңізге сенсеңіз мен сияқты, онда бәрі дұрыс болады. Қандай да бір қауіп қатерлер болады ма деген заңды сауал да туындайды. Әрине, болады. Бәрі де болады.

Алайда олардың барлығы да менің осы уақытқа дейін бастан өткергендерімнің жанында түкке де тұрмайды. Бұл менің өмірім. Біз жекпе-жектен ләззат аламыз. Қазір сол кездесудің нағыз сәті туып тұр. Ақыры болатын болды-ау… Қазір нағыз рингке шығатын, не аузыңды буып тып-тыныш отыратын кез», – деді Джейкобс. Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Джейкобс кедесуі Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында 18 наурыз күні өтеді.


Жіберіп алмаңыз:

Геннадий Головкин Джейкобспен болатын жекпе-жекке қалай дайындалып жатыр (фото)

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт бүкіл жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін

Мейвезер: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды

Талқылау