Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дженнифер Лопес ресейлік миллионердің тойынан кейін шопинг жасады

Голливуд жұлдызы Дженнифер Лопес Мәскеуге келіп, миллионердің ұлының тойында ән айтқан еді. Әнші бұл сапарында қымбат бутиктерді аралап, 2.5 миллион рубльге жуық сауда жасады.

f678207afcd3fe7744c8823ff3fbc720

Сурет: www.avtika.ru 

Лопес Мәскеудің орталығындағы Столешниковтың бірнеше бутигін аралады. AIZEL бутигінен Nina Ricci-дің сырт киімін сатып алды. Marc Jacobs-тың жібек маталы кеудешесін, өзге де киімдер алды. Әнші Christian Louboutin,  Charlotte Olympia бутиктеріне де кірді.

Шопинг соңында Лопес Palazzo Ducale мейрамханасына кешкі ас ішуге барды. Ол жерден италияндық ас үйді таңдап, бірнеше бокал вино шарабын ішті. Кешкі астан соң қонақүйге демалуға барды.

Бұған дейін Дженнифер Лопес, Стинг пен Иглесиас ресейлік миллионердің ұлының тойында өнер көрсеткенін хабарлаған болатынбыз.

Салтанатты шара 26 наурыз күні Мәскеудегі «Сафиса» мейрамханасында өтті. Кіші Гуцериевтің жары Ингутешии тумасы Хадиша Ужахова. Ол Мәскеудегі Евдокимов атындағы медициналық стоматологиялық университеттің студенті.

Салтанатты кешке олардан бөлек Патрисия Каас, Алла Пугачева, Элтон Джон да шақырылды.

Талқылау