Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонда Джеки Чан қатысқан фильм түсірілімінде автобус жарылды

Лондондықтарды Джеки Чанның қатысуымен түсірілген фильм қатты шошытты. Кейбіреулер қала орталығында автобустың жарылуын 2005 жылы лаңкестер шабуылының қайталануы деп те ойлап қалған.

AP_london_movie_stunt_bus_explosion_jt_160207_12x5_1600-1024x428

Сурет izvestia.nikolaev.ua сайтнан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қойылымдық жарылыс Джеки Чан және Пирс Броснанның қатысуымен түсіріліп жатқан The Foreigner (“Шетелдік”) фильмін түсіру кезінде болған. Жарылыс кездейсоқ өтіп бара жатқандардан қоршалған Ламбет көпірінде болды.

Лондондықтар алдағы қойылым туралы алдын ала айтылмағанына реніштерін  білдірді. Кейбіреулеріне бұл оқиға 2005 жылдың 7 шілдесінде лаңкестердің метрополитеннің үш пойызы мен Тависток саябағындағы автобусты жаруын еске салды. Ол кезде лаңкестік әрекеттердің салдарынан 52 адам қаза тауып, тағы 700-і жарақаттанған болатын.

Талқылау