Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстанға келетін болды

Аңызға айналған актер Джеки Чан маусым айында Астанаға келетін болды.

porno-31

Бұл туралы Ecns.cn хабарлайды.

“Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов өзінің микроблогында Джеки Чанның киноларын көргеннен кейін Қытайды жақсы көріп қалғанын жиі жазады. Енді оның отандастары аңызды үлкен экранда көре алады”, – деп жазады портал.

Басылым мәліметінше, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. Шараға әйгілі актер де қатыспақ.

“Алты толық метражды фильм, оның ішінде “Кунг-фу-Йога” да іс-шара кезінде көрсетілмек” деп жазады басылым.

Джеки Чан түскен жаңа фильмде жоғалған қазынаны іздеген археологтың басынан өткен жағдайлар көрсетіледі.

Осыған дейін қазақстандық әнші Димаш пен Джеки Чанның кездесуінің бейнежазбасын жариялағанбыз. Танымал актер жас әншіні ерекше қуанышпен қарсы алып, құрмет көрсетеді. Кездесу 6 ақпан күні болған. Кездесу барысында актер тіпті Димашқа өзінің сүйікті биін де үйреткен. Димаштың өнерін теледидардан көргеннен кейін Джеки Чанның өзі кездесуге ықылас білдіріпті.

Оқи отырыңыз:

Жеңіс Ысқақова келініне: Менімен дос болсаң, ұлым ешқайда кетпейді

Әпкесі Қарақаттың қызына гаухар тасты сырға тақты (фото)

Журналист желіде Бибігүл Төлегеноваға тіл тигізгендерге ұрысып тастады

Астанада азан шақыру үшін концертті тоқтатты

Талқылау