Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстанда фильм түсірмек

Джеки Чан Қазақстанда фильм түсіруді армандап жүргенін және жетістікке қалай жеткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

porno-31

«Шынымды айтсам, бұған дейін Қазақстанға келіп, кинематографиямен айналысуды армандағанмын. Бірақ оған уақыт болмады. Алдағы уақытта Қазақстанға келіп, осы арманымды жүзеге асырам», – деді Джеки Чан бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында.

“Мен бұл күнге оңай жеткен жоқпын. Төменнен бастап жоғары шықтым. Еңбегім мен өзімді қолдаушылардың көмегінің арқасында осындай жетістікке жеттім”, – дейді актер.

Қытайлық танымал актер Джеки Чан Димаштың киноға түсуі жайында пікірін айтып, Димаштың керемет киноактер бола алатынын айтқан еді.

Еске сала кетсек, әйгілі актер қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтың өнерін ерекше бағалайтынын мойындаған болатын. Танымал актер жас әншіні ерекше қуанышпен қарсы алып, құрмет көрсетеді. Кездесу 6 ақпан күні болған. Кездесу барысында актер тіпті Димашқа өзінің сүйікті биін де үйреткен. Бұл ретте Димаш танымал актерді туған күнімен де құттықтады.

Тағы да оқыңыз:

Джеки Чан Димаштың суреті бейнеленген футболка киіп жүр (фото)

Димаш Құдайбергенов: Менің Қытай туралы танымым Джеки Чан киноларынан басталған

Джеки Чан туралы қызық деректер топтамасы (фото)

Талқылау