Джеки Чан атақ пен ақшаға құныққаны үшін өкініп жүр

Дүйсенбі, 1 Тамыз , 2016 15:14

Джеки Чан өз өмірі туралы кітап жазып, басынан кешкен оқиғаларын баяндап берді. Мұнымен қатар, актер журналистерге берген сұхбатында бір кездері ақша мен атаққа қатты құныққаны үшін өкінетінін айтты.

image

Фото: instagram.com/eyeofjackiechan/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Аты әлемге әйгілі актер “Мен бақыттымын” атты кітап жазып, өмірінен сыр шертті. Мұнымен қатар, Джеки Чан расымен де атаққұмар болғанын мойындады. Ол мүмкіндік болған кезде жақсы білім ала алмағаны үшін қатты өкініп жүр екен.

Актер кітапта өміріндегі өзі үшін маңызды болған сәттері туралы баяндаған. Түрлі трюк орындауына тура келген түсірілім жұмыстары мен Голливудті қалай бағындырғанын, өзіне танымалдылық әкелген он шақты фильмнің қалай түсірілгенін айтып берген. Бұдан өзге махаббат, кәсібилік пен адамгершілік, атақұмарлық сынды қасиеттерге өзіндік бағасын беріп, пікірін бөліскен.

13741031_1568245700144763_72243080_n

“Жас кезімде мүмкіндік беріліп тұрып жақсы оқымағаным үшін қатты өкінемін. Ол кезде маған қалтамдағы ақша мен марапат сыйлықтар өте маңызды болатын. Егер уақытты кері айналдыра алсам, жақсы жерде білім алуға тырысатын едім”, – дейді Джеки Чан.

Биыл әйгілі актер 62 жасқа толды. Тайлық актриса Лин Фэнцзяоға 1983 жылы үйленген. Екеуінің Чан Цзоминг есімді ұлдары бар. Мұнымен қатар, өзі заңсыз некеден туылған Элейн У Цили есімді қызы бар. Ол 1999 жылы Этта У Чжолингтен туылған. Актер будда дінін ұстанады.


Жіберіп алмаңыз:

Джеки Чан селфиге “панда болып» түсті (фото)

Лондонда Джеки Чан қатысқан фильм түсірілімінде автобус жарылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ислам дінін қабылдаған деген еді ғой. 3 рет қажылыққа барған, Ганконгта мешіт салдырып жатыр деген сияқты еді ғой

  • Рысханым says:

    Джеки Чан ислам дiнiн кабылдаган жок па???

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар