Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джастин Бибер “The Beatles” асып кетті 

Әнші Джастин Бибердің бірден 17 әні ең беделді музыкалық “Billboard Hot 100” чартында ойнатылды. Бұл көрсеткішпен, Бибердіңрэпер Дрейк, тіпті “The Beatles” тобын секіріп өтті.

бибер

Бибердің “Purpose” жаңа альбомы “Billboard 200″ чартын бастап тұр. Ол оның әнші ретінде алтыншы жетістігі. Ол тіпті, британдық топ, аты аңызға айналған ” The Beatles” басып озды. 1964 жылы “Billboard” чартында топтың бірден 14 әні түскен болатын. Биыл бұл көрсеткішті  рэпер Дрейк көрсетті. Және 21 жасар Бибер 17 әнмен “танымал төртікті” басып озды.

Джастин Бибер карьерасын осыдан 6 жыл бұрын бастаған. Ол кезде “One Time” әні шығып, Канаданың алғашқы ондығына және кейбір елдің 30 үздіктің қатарына кірген еді. Бір жылдан кейін әнші “My World” атты бірінші альбомын шығарды. Ол канада мен АҚШ-та планина күйтабағы аталса, Австралия мен Жаңа Зеландияда алтын күйтабақ болды. Дебюттік альбомынан бірден 7 әні “Billboard Hot 100” чартына енген алғашқы әнші болды.

Әнші соңғы жылда  бірнеше номиницияда марапатталды. Ол тіпті, 2010 жылы “American Music Awards” жыл әншісі болды. “Грэмми” салтанатында бірнеше категорияда үздік атанды.

Талқылау