Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джанет Джексон Европаға жоспарлаған концерттерін қоюдан бас тартты

Джанет Джексон өзінің жоспарлап қойған концерттік турларын өткізбейтін болды. Ол бұл шешімді отбасына қатысты қабылдағанын айтты.

pic_dba6691af1b374e65b1b61f6526f8dad

Сурет Zumapress / Globallookpress.com

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

“Біз күйеуіміз екеуміз отбасымызға қатысты дүниелер жоспарлаудамыз. Бұл біз үшін өте маңызды. Дәрігерлер маған демалу керек деді. Жағдайым дұрысталғаннан кейін қайтадан турларға шығамын”, – деді әнші.

49 жастағы Джексон 2012 жылдан бері Катарлық миллиардер Виссам әл-Маноймен некеде тұрады.

Джанеттің әлемдік туры 2015 жылы 31 тамызда Канаданың Ванкувер қаласында басталған болатын. Турненің европалық бөлімі 30 наурызда Бирменгемде (Ұлыбритания) басталуы керек еді. Ал соңы 3 мамыр Антверпенге (Бельгия) жоспарланған.

Джанет Джексон — әйгілі поп-әнші Майкл Джексонның кіші қарындасы. Сахнада 7 жасынан бері өнер көрсетіп келеді. 1982 жылы алғашқы альбомын шығарған. Музыкалық өнерімен қатар, ол киноға да түседі.

Талқылау