Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джамала өзі ән салып тұрған кезде іш киімін шешіп сахнаға шығып кеткен жігітті қорғады

Украиналық әнші Джамала өзі «Евровидение-2017» конкурсында ән айтып тұран кезде іш киімін шешіп тастаған пранкер Виталий Седюкті кінәламайтынын айтты.

img_4490

Бұл туралы «Обозреватель» хабарлайды.

“Осы кезде қаптаған күзетшілер не істеді? Мен үшін бұл үлкен сұрақ, және осыны білгім келеді. Ол мені итеріп, ұрып жіберуі мүмкін еді. Міне, күзетшілерге және ұйымдастырушыларға менің сұрағым көп”, – деді Джамала. Ол өзінен гөрі пранкердің көбірек қорқып кеткенін де алға тартты.

Еске салсақ, 14 мамыр күні Киевте өткен «Евровидения-2017» конкурсына қонақ ретінде қатысқан Джамала ән салып тұрған кезде, сахнаға Австралия туымен атып шыққан Седюк іш киімін шешіп жіберген болатын. Бұл уақытта күзетші оны бірден алып кетті, ал әнші болған жағдайға тіпті де назарын салмады.

1024020516

Кейін пранкер өз әрекетін түсіндірді. “Мен Джамаланы жақсы көремін, маған оның шығармашылығы ұнайды. Егер бұл Батыста, яғни, Бейонсе мен Минаждың ән салуы кезінде болған болса, онда мен осындай жолмен ол әннің сатылым құнын арттырар едім”, – дейді пранкер.

Джамала “Евровидение-2016” байқауының жеңімпазы атанып, оған Украина президенті халық әртісі атағын берген болатын. Бұған дейін оның өзінен 8 жас кіші мұсылман жігітке тұрмысқа шыққанын да хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас Нюшамен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Кенжебек Жанәбілов: Шашты “тықырлатып” алдыруды дәстүрге айналдырғым келеді

Жеке шаштаразы Қайрат Нұртастың ел білмейтін құпиясын ашып қойды

Димаш Құдайбергенов: Альбомымды қай тілде шығаратынымды білмей жүрмін

Талқылау