Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвид Кэмерон әйеліне ескі Nissan көлігін алып берді

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон әйелі Самантаға темір тұлпар сыйлады. Бірақ, ол су жаңа көлік емес, ескі Nissan Micra болып шықты.

561948e22e2038899c6e5b9a05067973_L

Сурет telegraph.co.uk

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Құны шамамен 2 мың доллардан асатын Nissan-ды Кэмерон ескі және бұрын қолданыста болған көліктер сатылатын салоннан алыпты. Премьер-министрге қызмет көрсеткен компания иесінің айтуынша, ол бастапқыда «Кэмерон сенің салоныңа бара жатыр» дегенді естісе де, мұны қалжың деп ойлапты.

Ақыры келіп, салон ішін бір жарым сағат бойы шарлаған премьер, ескі Nissan Micra-ны таңдапты. Бір қызығы, атауы жапондық болғанымен, бұл көлік Ұлыбритания жеріндегі зауытта құрастырылған екен.

Талқылау