Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвид Боуидің вилласы аптасына 40 мың долларға жалға берілмек

Музыкант Дэвид Боуидің Кариб теңізі жағалауындағы вилласы аптасына 40 мың доллар бағамен жалға берілмек. Зәулім үйдің бес жатын бөлмесі бар. Ғимарат Гренадин архипелагына кіретін Мюстик шағын аралында орналасқан.

4141

Сурет Target Press / East News

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

1980 жылдары тұрғызылған ғимарат 20 миллион долларға бағаланады. Мұнда бірнеше қонақ бөлме, асхана, ойын бөлмесі, кабинеттер, бассейн орналасқан. Бұдан бөлек, төбесі бамбукпен жабылған, арнайы кішігірім сахна қойылған жеке студия да бар.

Қазіргі таңда ғимарат Боуидің фанаты миллионер Саймон Доланға тиесілі. Ол ғимараттың дизайнына ешқандай өзгеріс енгізбеген. Бір аптаға жалға алу құны 40 мың мен 70 мың доллар аралығында.

Композитор, әнші, актер әрі суретші Дэвид Боуи 2016 жылдың 10 қаңтарында қайтыс болды. Ол өзінің өмірінде 30-ға жуық альбомдар шығарып, халықты керемет өнерімен тәнті қылды.

Атақты әнші тұрған вилла саяхатшылардың үлкен қызығушылығын тудыруда.

Талқылау