Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвид Боуидің үздік әндері (видео)

Бүгін 11 қаңтарда даңқты музыкант Дэвид Боуи өмірден өткен еді. Осы ретте назарларыңызға аңыз тұлғаның ең керемет 5 шығармасын ұсынбақпыз.

325117

Дэвид Боуи 69 жасында қайтыс болды. Өлімінің себебі музыканттың бірнеше жылдан бері күресіп келе жатқан ауруы екен.

Ол 40 жылда бірнеше әншілермен жұмыс жасап, өзінің 27 альбомын тыңдарман назарына ұсынған. Көптеген жанрды қатар алып жүрген талантты тұлға. Оның даңқын шығарған туындысы Space Oddity. Шығарма ғарышкер туралы. Бұл туындының жарыққа шығуы «Аполлон-11» миссиясымен тұспа-тұс келген еді.

Оның тағы бір хиты Starman композициясы.

Боуидің ең бір танымал туындысы, 1970 жылы өмірге келген – The man who sold the world.

Тағы бір талассыз хиттардың бірегейі – Ashes to Ashes. Бұл әнде Боуи адам көңілінің мазасыз шақтарын дәл бейнелеген.

The Stars композициясы 2013 жылы жарыққа шыққан альбомының ішіндегі ең бір сүйекті туындысы. Онда ол «жұлдыз» ұғымына екі қырынан қарай отырып шырқайды: бірі әрине – геометриялық фигура ретінде, екіншісі – поп-музыкадағы атақ-даңқ жайында.

Талқылау