Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвид Боуи балаларының күтушісіне миллион доллар қалдырған

Манхэттен сотында танымал музыкант Дэвид Боуидың өсиет хаты оқылды. Үш апта бұрын бауыр рагынан көз жұмған аңыз әнші, өзінің әйелі мен балаларына 100 млн долларды мұра етіп қалдырыпты. david-bowie-ir-iman-60873799

Бұл туралы Русская Служба BBC хабарлайды.

Өз байлығының жартысын және Нью-Йорктегі үйін ол өз әйеліне мұра еткен. Мұрасының қалған жартысын бірінші және екінші некесінен туылған балаларына қалдырған. Ал 2 млн долларды ол өзінің жеке көмекшісі болған Корин Швабқа, тағы 1 млн долларды өзінің балаларының бұрынғы күтушісіне табыс етуді аманаттаған.

Сондай-ақ музыкант өзінің сүйегін Балиде жерлеуді, егер ол мүмкін болмаса будда дәстүріне сәй кез-келген жерде жерлеуге өсиет еткен. Әзірге бұл аманаттың қаншалықты орындалғаны белгісіз. Оның денесі 12 қаңтар күні Нью-Джерсиде кремацияланған. Кремация кезінде, оның өзінің өтініші бойынша, ешқандай туысы бұл рәсімге қатыстырылмаған.

Өсиет хат оның шын аты Дэвид Робертт Джонстың атынан жазылған. Дэвид Боуи бауыр рагынан 10 қаңтар күні 69 жасында көз жұмған еді.

Талқылау