Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвид Бекхамның үй-күйсіз қалған бұрынғы оққағары әуежайда тұрып жатыр (фото)

Бір кездері Дэвид Бекхамның оққағары болған, бүгінде үй-күйі жоқ ардагер бірнеше айдан бері Хитроу әуежайында тұрып жатыр.

1471849531_eks-telohranitel-devida-bekhema-pereselilsya-tri-nedeli-nazad-v-aeroport-hitrou-2

46 жастағы ер адамның өмірі бизнесі құлдыраған соң түбегейлі өзгеріп шыға келді. Ол қаржылай шығындардың кесірінен баспанасыз қалып, өзін психологиялық тұрғыда жегідей жейді.

«Терминал» фильміндегі Том Хэнксонды көріп, ардагер де әуежайды пана тұту туралы ойланыпты.

Ол белгісіз себептермен өз аты-жөнін жасырып, өзін Саймон Джонс деп атайды.
«Бизнес әйелім екеуміздің арамызды қиындатып жіберді. Банктегі есептің бәрі екеумізге тіркелгендіктен біз ажырасқанда мен ақшасыз қалдым. Біреуге масыл болғым келмейді. Сондықтан достарымнан үйінде түнеуге сұранбадым. Осы тұста Том Хэкстің әрекеті есіме түсіп, әуежайға келдім. Мұнда жуынуға болатынын, ғаламторға тегін кіре алатынымды білдім», – дейді ол.

1471849512_eks-telohranitel-devida-bekhema-pereselilsya-tri-nedeli-nazad-v-aeroport-hitrou-1

Саймон Джонс – парашют полкінің бұрынғы мүшесі. Жеке қорғаушы саласында қызмет атқарған. Сауд Арабиясының патша отбасында оққағар болып қызмет еткен. Сонымен қатар Дэвид Бэкхамның қауіпсіздігі үшін де жауап берген екен.

Террормен күрес дайындығынан өткен бұрынғы әскери қызметкер Хитроу әуежайындағы қауіпсіздікке алаңдайды. Терминалда тек екі патруль полицейінің жұмыс істейтініне көңілі толмайды.

«Адамдардың қиын сәтте өзін тастап жіберуі өте ауыр. Олар сондай жағдайда әуежайды пана тұтып келіп жатады», – дейді Хитроу әйуежайының баспасөз хатшысы.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық қызды сүйіп қалған нигериялық Ақтау әуежайында тұрып жатыр

Голливуд жұлдызын әуежайда фри-картобын ұрлап жатқан жерінен ұстап алды

Голландиялық интернетте танысқан қызды 10 күн бойы әуежайда жатып күткен

Талқылау