Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін екі минутта аяқтады (видео)

Кәсіпқой боксқа жуырда ғана ауысқан отандасымыз Иван Дычко өзінің бірінші жекпе-жегін Америкада өткізді.

Отандасымыз кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 30 қыркүйек күні (Астана уақытымен) АҚШ-тың Даллас қаласында өткізді. Иван Дычконың бұл кездесудегі қарсыласы 34 жастағы америкалық Эйбур Райт болатын. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында үш кездесу өткізіп, екі кездесуінде жеңіске жетсе, бір кездесуінде жеңіліс тапқан.

Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланып, 1 раундта жылдам соққыларымен қарсыласын титықтатқан Иван, екі минут ішінде қарсыласының қауқарсыздығынан төреші кездесуді тоқтатады.

Оқи отырыңыз:

Түрмеден шыққан ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсірді

Головкин-Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек атанды

Ақтөбелік спортшы әлемді мойындатты

Джейкобс Головкинмен екінші рет кездесу үшін НВО арнасымен келісімшарт жасады

Талқылау