Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Duty free негізін салушысының өмірдегі 10 ұстанымы

Чак Финиді көрген адам оны киіміне қарап, қарапайым турист деп ойлауы мүмкін. Ол өмір бойы қайырымдылық жобалармен айналысып келеді. Осы орайда Чак Финидің өмір мен ақшаға қатысты даналық сөздерін айта кетейік.

Чак-Фини

Сурет politdengi.com.ua сайтынан алынды

Бұл туралы adme.ru хабарлайды.

Чак Фини – танымал адам емес. Оның табысы 7,5 миллиард долларға бағаланса да, оның есімін көпшілік біле бермейді. Ол жеке автокөлік айдауға құмартпайды. Тіпті, әлі күнге жалдамалы пәтерде тұрады.

  1. Ақшаны жинағаннан гөрі, мұқтаж жандарға бергенде, мәселен, ақшаңызды аурухана салуға жұмсағанда, адам өзін жақсы сезінетініне көзім жетті. Ақшаны банкке салып, оны жинай бергеннен гөрі, қайырымдылыққа жұмсау логикаға да сыйымды дүние ғой.
  2. Мен ақшаны жек көрмеймін. Маған ақшаның тек қажетіме жұмсайтын үлесі ғана керек.
  3. Ақшаңызды жұмсау үшін қарттықты күтудің қажеті жоқ. Одан да бойыңызда күш-қуатыңыз барда ертерек әлемді жақсы жағынан өзгертуге ат салысыңыз.
  4. Байлардың өз міндеттері болады. Мен олардың ақшаларын қалай жұмсауы керек екенін айта алмаймын. Мен тек ақылмен жұмсаса екен деп кеңес берем.
  5. Неге менде қайық жоқ? Өйткені ол менің өте жылдам тербетеді
  6. Егер бәрібір өзгелерден ерте жеткізбейтін болса, бизнес-класстан не пайда
  7. Егер мен құны 15 мың доллар тұратын сағат арқылы уақытты біле алатын бослам, «Ролекспен» әуре болып нем бар
  8. Сізде ақша көп кезде, проблемаларыңыз да үлкен болу керек. Тіпті, тәуекелге бару керек болса да, оны жасауға тиіссіз.
  9. Шын мәнінде сәтсіздік деген болмайды. Бір ғана оң шешілген мәселе миллиондаған адамның тағдырын шешіп жатады.
  10. Менің жасағандарым адамдардың қажетіне жарап жатса, мен өзімді бақытты сезінем, егер керісінше болса, бақытсыз сезінем.
Талқылау