Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Душанбеде бір әйелді Дубайға сексуалды қызметке сатқандар ұсталды

Тәжікстан ішкі істер органдарының қызметкерлері жас қыздарды сексуалды қызметке тартады деген күдікпен Душанбеде тұратын екі әйелді  қолға түсірді.

ba0e850ebe05a5e131-60380759

 

Республика ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен хабарланғандай, 25 және 26-дағы екі әйел «Холла» деген лақап аты бар келіншекті алдын ала келісім бойынша Дубайға сексуалды қызмет көрсету үшін сатып жібергендері үшін қамауға алынған. Олар өз жәбірленушілеріне паспортты өздері жасап берген, виза мен билетті де өз ақшаларына алған. Сөйтіп, Хатлон облысы, Восе ауданында тұрған 26 жастағы әйелді 16 желтоқсан күні Дубайға жезөкшелікпен айналысу үшін ұшырып жіберген.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Талқылау