Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дулыға Ақмолда халықаралық кинофестивалде жеңімпаз атанды

“Оралман” киносында басты рөлді ойнаған Дулыға Ақмолда XIII Қазан халықаралық кинофестивалінде “Ең үздік ер адам ролі” аталымында үздік шықты.

dulga

Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Фильм тарихи отанына Ауғанстаннан көшіп келген отбасы өмірін баяндайды.

“Толықметражды кинодағы алғашқы марапатым. Менің ғана емес, бұл бүкіл түсірілім тобының жеңісі. Барлығына айтар алғысым шексіз”, – дейді актер.

3216810

Мұсылман киносының фестифалі 5-11 қыркүйек аралығында Татарстан астанасында өтті. Ең үздік толықметражды кино атағын түрік режиссері Мұстафа Караның фильмі жеңіп алды. Қазақстандық “Оралман” кинокартинасы 15 қыркүйектен бастап көрсетіледі.

Оқи отырыңыз:

Нұрлан Еспанов Қайрат Нұртастың жұбайына ағалық кеңесін айтты

Ақбота Сейітмағамбет Баян Мақсатқызынан қорқып жүргенін айтты

Динара Сұлтан: Күйеуіме көз тиеді деп жасырып келдім

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

Талқылау