Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайда жолсерікті сүйіп алған ұшақ жолаушысы түрмеге қамалды

Сот шешімі бойынша ұшақ бортында жолсерік қызбен селфиге түспек болып оны сүйіп алған  Танзания азаматы кінәлі деп танылды.

12812858

Фото: ©Евгений Биятов

Жолсерікті сүйіп тұрып селфи жасаған жолаушы үш айын түрмеде өткізеді. Дубай соты 42 жастағы ер адамды сексуалды сипаттағы зорлау әрекеті бойынша кінәлі деп тапты. Сот отырысында айыпталушы жолсерікті сүйгенін мойындады. Бірақ айыпталып жатқан бапқа келіспейтінін айтты.

Оқиға 22 сәуір күні болған. Emirates әуекомпаниясының жолаушысы жолсерік қыздан селфи жасауды өтініп, оны сүйіп алған. 25 жастағы американдық бойжеткен бұл жайлы ұшақ жерге қонысымен Дубай полициясына хабарлаған. Жазасын өтеген соң айыпталушы еліне көшірілетін болады.

Жіберіп алмаңыз:

Стюардессаның “төсінен ұстаған” Сейфуллин әріптестерінің сынына қалды (фото)

Стюардессалардың қолды арқада ұстау себебін білесіз бе?

Ұзақ қашықтыққа ұшу кезіндегі стюардессалардың құпия жатын бөлмесі (фото)

Қытайда стюардессаларды арнайы жасақ ретінде қалай дайындайды (фото)

Яхтада жұмыс істейтін стюардесса шәй-пұлға 4500 доллар алған

Талқылау