Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайда тұратын бай қазақстандықты үй қызметшілері тонап кетті

Дубай соты қазақстандық әйелді тонаған екі қызметші әйелдің әрекетіне қатысты қылмыстық істі қарастыруды бастады. Айыпталушылар қожайын әйелдің екі ай бойы жалақы бермегенін айтыпты.

gornichnaya

Фото: opis.pro

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Қазақстандық тұратын зәулім үй Дубайдың қымбат The Palm Jumeirah ауданында орналасқан. Эфиопияда туған екі қызметші ұзақ уақыт бойы қожайынға адал қызмет еткен. Ал бір күні үй иесі жағажайға кеткен кезде, олар 3 мың доллар ақша, Blackberry екі телефонын, брендтік киімдер мен 45 мың доллар тұратын Rolex сағаттарын ұрлап кеткен.

Үйіне келген қазақстандық бірден полиция шақырады. Көп ұзамай-ақ екі күдікті қолға түскен.

Талқылау