Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолалық мүгедек паралимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Дубайда паралимпиада бойынша мүгедектер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың үшінші күні Ақмола облысы, Атбасар ауданының спортшысы 54 кг салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, күміс медальды жеңіп алды.

Бұл туралы Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Ол мүгедектерге арналған «Мегрен» спорт клубының тәрбиеленушісі.Пауэрлифтинг бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Давид Дегтярев алғашында 143 келілік, одан кейін 147 келі болатын зілтемірді көтерді. Спортшы пауэрлифтинг бойынша жоғары категориялы бапкер Юрий Колесниковтың басшылығымен жаттығады.

Давид қазан айында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін паралимпиада азия ойындарында өнер көрсетуге дайындалуда.

Естеріңізге салсақ, паралимпиада бойынша әлем кубогы Дубайда өтіп жатыр, сайыс 22 ақпан күні аяқталады.

Жіберіп алмаңыз:

«Шахтер» құрамындағы Қазақстан чемпионы келісілген матч үшін өмір бойына спорттан шеттетілді

Мұз айдынында билеп жатқан мәнерлеп сырғанаушының түймесі ағытылып кетті (видео)

Қытай спортшыларының бірдей екенін айтқан комментатордың басы бәлеге қалды

Ырғыз ауданында құтырған мысық ауыл тұрғынына шабуыл жасады 

 

Талқылау