Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайда өртенген қонақүй жанында селфи жасаған жастар «2016 жылдың нақұрыстары» атанды

БАӘ-де жас жұп жаңа жыл түні өртеніп жатқан қонақүй тұсында түскен суретін «Қымбатты Дубай, жаңа жылыңмен!» деген жазбамен Instagram әлеуметтік желісінде жариялап, қалың көпшіліктің сынына қалды.

le,fqqq


Жастар қонақ үй отқа оранған тұста суретке түскен. Осы суретті әлеуметтік желіге салысымен интернет қолданушылар, мұндай табалаушы суретті алып тастауға кеңес берді.

Twitter әлеуметтік желісінде оларды «2016 жылдың нақұрыстары» деп те атап үлгерді. Желіні қолданушылар жастардың бұл қылығы үшін ұялғандарын жеткізген.

Талқылау