Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайда қымбат көліктерімен мақтанған Қайрат Нұртас сынға ұшырады (видео)

Қайрат Нұртас бір емес, бірнеше қымбат автокөлік тізгіндеп, елдің назарын аударды. Дубайда жүрген хитменді көпшілік “мақтаншақ” деп сынға алған, деп жазады Stan.kz.

Дубайда қымбат көліктерімен мақтанған Қайрат Нұртас сынға ұшырады (видео)

Қайраттың отбасымен бірге шетелде жүргеніне бір айға жуықтады. Төрт баласын елде қалдырып, бұл жолы Жұлдыз да жұбайының жанында жүр.

Күні кеше елге танымал жұп неше түрлі көлік тізгіндеп, оны Instagram-да жариялады.

Желі қолданушылары Қайратты “ақшаға мастанған”, “мақтаншақ” деп неше түрлі жағымсыз сөздермен сынға алды.

Дубайда қымбат көліктерімен мақтанған Қайрат Нұртас сынға ұшырады (видео)

“Мақтанбасаң қазақ боласың ба”, “Гауһар апаларың сотталып жатыр, мақтанғанша соған көмектес”, “Димаштай болу қайда, қазаққа тән қарапайымдылығымен, нағыз боямасыз өнерімен халықтың жүрегінен орын тапты. Кейбір өнер адамдары сияқты тұрған, жүрген жерлерін, ішкен-жегендерін жарнамаламай-ақ, мақтанбай-ақ жаралы жүректер көп елде”, “Мақтаншақ, байлығыңды олай көрсетіп мақтанғанша, жетім-жесірлерге көмектесіп, ауылдарға мешіт салып, сауап жинамайсың ба?” – деп жазды желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

#Қазақтыңжігіттеріарыстандай

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау