Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайда күніне 2500$ пайда табатын қайыр тілеуші ұсталды

Алғашқы үш айда Дубайда қайыр сұрап жүрген 59 адам ұсталды. Әмірлік мегаполисінің муниципалитеті хабарлағандай, шамамен 2500 АҚШ доллар көлемінде пайда тапқан.

Beggars beg for money during ramadan near a mosque in Sharjah, August 5,2011.  Photo by Mustafa Kasmi

Сурет: dubai.in.ua 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Дубай Муниципалитетінің өкілі Фейсал Аль Бадьяви өз хабарламасында әмірліктегі қайыр тілеумен күресу науқаны аясында полиция қайыр тілейтін 59 тұлғаны ұстағанын хабарлады.

“Ұсталғандардың кейбіреулерінде төлқұжаттары, іскерлік және туристік визалары болды. Науқан аясында «қайыршылардың» басым бөлігі БАӘ-ға үш айлық виза арқылы заңды түрде кірген”, – деді  Аль Бадьяви.

Әмірлік шенеунігінің сөзіне қарағанда, Дубайда қайыр тілеушілердің бірі айына 270,000 дирхамнан астам 73500 АҚШ доллар пайда тапқан. Орташа алғанда бір тәуліктегі табысы шамамен 9000 дирхамды (2450 АҚШ долларына жуық) құрады. Негізінен мешіттердің жанында қайыр тілеген.

Талқылау