Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайда Бурдж-Халифадан биік жаңа ғимарат салынбақ

Дубай қаласында өтетін «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесіне дейін Біріккен Араб Әмірлігінің билігі жаңа көп қабатты ғимарат салуға ниет білдіріп отыр.

burjkhalifa

Сурет: www.coronatours.ru 

Жаңа мұнара «Dubai Creek Harbour» ауданының даму орталығына айналмақ және ол қазіргі ең биік ғимарат «Бурдж-Халифадан» біршама ұзын болады. Бұл туралы Дубайда өткен баспасөз-маслихатында «Emaar Properties» холдингінің төрағасы Мохамед Алаббар мәлім етті.

«Жаңа ғимараттың ұзындығы туралы нақты ақпаратты әзірге құпия сақтаймыз. Мүмкін оның нақты санын ғимарттың ашылуында ғана жария етерміз. Ол Бурдж-Халифадан бір саты биік болады», – деді Алаббар.

Оның айтуынша, көп қабатты жаңа ғимарат шығыны 1 млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр. Оның құрылысы биылғы жылдың жазында басталып, Дубайда өтетін ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесі қарсаңында аяқталуы тиіс.
Жаңа ғимарат архитекторы швейцариялық – Сантьяго Калатрава.

Талқылау