Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досжан Қартықов Таиландта күрестен Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Досжан Қартықов Таиланда күрестен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

pogudxl9h1g8aje98.4cd1eab0

Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлайды.

72 келі салмақтағы Қартықов финалда өзбекстандық Дильшоджон Турдиевпен кездесті. Кездесу нәтижесінде қарсыласын 4:0 есебімен жеңді. Оған дейін қазақстандық тайпейлік қарсыласы Вен Сун Линды, ширек финалда Түркіменстандық Шермет Перменовты жолдан тайдырды. Жартылай финалда ол Абдех Салехадан айласын асырып кетті.

Еске сала кетсек, Таиландта күрестің үш түрі – еркін, грек-рим және әйелдер күресі бойынша Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс 21 ақпанға дейін созылады.

Талқылау