Досы Шүкеновтің өміріне қауіп төндірген гастрөлдері туралы айтты

Жұма, 29 Сәуір , 2016 14:42

Батырхан Шүкеновтың жақын досы, өнердегі әріптесі, «Гүлдер» республикалық ансамблінің мен «Арай» тобының солисі,  «Мюзикола» дуэтінің гитарашысы Болат Сыздықов марқұм әнші туралы естеліктерімен бөлісіп, өмірлерін қатерге тігіп барған гастрөлдік сапарлары туралы айтып берді.

image

Фото: newskaz.ru

Бұл туралы “Қазақстан жаңалықтары” хабарлайды.

Болат Сыздықов пен Батырхан Шүкенов “Арай” тобының құрамында бірігіп өнер көрсеткен кезде танысқан. Сыздықовтың айтуынша, Батырхан бәрінен де кәсібилікті жоғары қойған. Тіпті, ән нотасын қағазға қарап-ақ оқып, әуенді аспапта орындалмай жатып түсінетін болған.

“Батыр ол кезде Ленинград қаласы Мәдениет институтының саксафон классында білім алып жатты. 1979 жылы ол Алматыға келіп, біздің тобымызға қабылдануға ниет білдірді. Қасына күйсандықта ойнайтын азаматты ерте келген. Алдымызда тұрып өнер көрсетті, Батыр қалжыңдап “Ән де айта аламын” деп қояды. Біз оның дауысын естіген кезде, ойланбастан топқа қабылдадық. Бірден “иә” деп жауап бердік”, – деп Сыздықов досының “Арай” ансамбліне қалай қабылданғанын айтып берді.

Музыкашылардың достығы осылайшы таңқалдуан басталған. Ал таңқалуларына Батырханның саксафонда ойнай алатындығы себеп болса керек.

“Ол уақытта саксафонда ойнайтын музыкашылар тапшы еді. Ал қазақ саксафоншылар мүлдем болмаған. Батырхан – біріншісі. Біз, әрине, қатты таңқалдық. Ол сол кездің өзінде әнді мінсіз орындайтын. Осылайша біріккен жұмысымызды бастап кеттік. Оның өнердегі ұзақ жолы “Арай” ансамблінен басталды”, – дейді Сыздықов.

Музыкаға деген махаббаты мен мақсаткерлігі оның бойындағы жұмсақтығы мен қанағат ете білушілігі жақсы үйлескен. Шүкенов пен Сыздықов Кеңес Өкіметі кезінде барлық гастрөлдік сапарға бірге барған. Оларды тыңдармандары құшақ-құшақ гүлімен, ерекше қошеметімен күтіп алатын болған. Мұнымен қатар, өмірлеріне қауіп төндірген гастрөлдік сапарлар да жоқ емес.

“Біз төртінші энергоблоктың қасында жол апатына түсіп, арада бір жарым-екі ай өткен соң Чернобыль ауданында концерт өткіздік. Барлық киім-кешегімізді әзірлеп берді. Бір емес, бірнеше концерт бердік. Бірақ бәрінен де 1983 жылы Ауғаныстандағы гастрөлдік сапарымыз қорқынышты болатын”.

Қандағар, Құндыз, Бағрам, Қабұл сынды қалаларға барып өнер көрсеткен екен.
“Біз негізінен Ан-12 әскери ұшағымен тасымалдандық. Бастапқыда бір қаладан, екінші қалаға тікұшақпен жеткізіп отырмақ болған. Бізді кез келген уақытта дұшпандары атып түсіруі мүмкін болғандықтан, артистерді тікұшақпен тасымалдауға тыйым салынды. Тіпті, Қабұл әуежайында аспанға бірден көтерілместен, ұшақ алдымен ирелеңдеп жылжитын.

Концерттерімізді госпитальдарда бердік. Жараланғандарды ары-бері көз алдымызда тасып жатты. Біреуінің аяғы жоқ, біреуінің қолы жоқ, үшіншісінің көзі ағып кеткен. Қысқасы, сондай қорқынышты. Жараланғандар төсекте жатып біздің әндерімізді тыңдады. Роза да ән айтты. Жасыратын несі бар біз спирт ішуге мәжбүр болдық. Сары ауру, оба сындыларға шалдығып қалмас үшін, бізді қинап ішкізді”, – деп Сыздықов осы күнге дейін ешкімге айтпаған сырымен бөлісті.

Сыздықовтың айтуынша, Батырхан көп уақытын қайырымдылық шараларына жұмсаған. Мұнымен қатар, жүрегінің бұрыннан ауыратынын білген. Тіпті, көз алдында демала алмай қалған сәттері болыпты.

“Мен оның жүрегінің ақауы бар екенін жақсы білетінмін. Дәрігерлер “ишемия” деп диагноз қойған. Батыр, мүмкін ауруханаға жатып емделерсің деп те айттық. Көз алдымда демала алмай қалған сәті де болды. Артынша ауырғаны басылған соң жұмысын жалғастыра беретін. Оның жұбайы мен баласы Американың Сарасота қаласында тұрып жатқандықтан, Америкаға жиі барып жүрді. Тіпті, Америкадан келе сала бірден гастрөлдік сапарларға аттанатын кездері болған. Оның қалай қиналғанын көз алдыларыңызға елестете аласыздар ма?”, – дейді досы.

Досының айтуынша, оның бұлай көп жұмыс істегісі келетіндігіне көбірек ақша жинағысы келетіндігі әсер еткен. Жинаған ақшасын әйелі мен баласына несиеге алған үйге төлемек болса керек. Әнші көзі тірісінде көптеген әнді бастап, аяқсыз қалдырған. Дәл қазір Болат Сыздықов пен Батырхан Шүкенов атындағы Алматы музыка орталығы әншінің халық естімеген әндерін қайта өңдеп жатыр.


Оқи отырыңыз:

Рымбаева: Батырхан кей жерде үнсіз қалып, басын изеуге мәжбүр болды

Қызылордада Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар