Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досы: Димаштың өз ісіне көңілі толған кез болмаған

Досы Димаш Құдайбергеновтың ерекше еңбекқорлығы туралы айтып берді. Айтуынша, әншінің өзіне, істеген ісіне көңілі толған кезі болмаған екен.

19228850_1497263940337189_1773260248396595200_n

Сурет: Димаш Құдайбергеновтың жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Жуырда отандасымыздың суретімен Қытайда ұшақ шыққан болатын. Димаштың досы мұндай жетістіктердің оңай жолмен келмегені туралы айтып жатыр.

“Димаштың өзінің істеген ісіне көңілі толған кезі болған емес. “Концерт қалай болды?” деп сұраған кезде, Димаш қашан да “Әлі де бірнәрсе жетіспей тұрған сияқты, бірнәрсе дұрыс болмаған сияқты” деп жауап береді. Бірақ, шығармашылықты шыңдауға бағыт алған адамның позициясы сондай болу керек деп ойлаймын. Адамның өзіне 100% көңілінің толуы семіздікке әкеліп соқтырады. Концерттен кейін Димаш демалған жоқ. Себебі, ертесінде Қытай қаласындағы үлкен бір мерекелік шараға қатысуы керек болды. Ол келіссөздер алдын ала жүргізіліп қойғаннан кейін, Димаш демалмастан сол концертке барып қатысты. Осыдан кейін бір-екі күн ғана демалып, қайтадан іске кірісті”, – дейді Алпамыс Шәрімов.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмаханға астаналық жігіті отбасын құруға ұсыныс білдірген

Талғат Жорабев ер адамдардың келіншектері босанғанда серіктес болуына қарсы шықты

Зарина Омарова артық салмақтан арылу туралы кітап жазып жатыр

Айгүл Иманбаева да өзі туралы кітап шығармақ

Талқылау