Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Достарына кеткенін айтқан: Семейде 2 баланың анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Семей қаласында 2 баланың анасы Елена Сивирдова жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Достарыммен кездесемін деген әйелден сол күйі хабар-ошар болмаған.

Достарына кеткенін айтқан: Семейде 2 баланың анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Әйел 2 желтоқсанда жоғалып кеткен. «Rina.KZ Семей» еріктілер тобының мүшесі Евгения Павелдің сөзінше, жоғалып кеткен әйел сол күні отбасымен бірге автобусқа отырып, әжелерінің үйіне бара жатыпты, деп хабарлайды “Алтайньюс” басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Күйеуінің айтуынша, Еленаға белгісіз біреу қоңырау шалыпты. «Мені курстастарыммен кездесуге шақырып жатыр», – деген Елена автобустан асығыс түсіп қалады. Отағасы екі баламен бірге ары қарай әжелерінің үйіне кеткен. Екі сағат өткен соң Елена күйеуіне қоңырау шалып, кездесуде отырғанын айтады. Тағы екі сағат өткеннен кейін оның телефоны мүлдем сөніп қалған», – Евгения Павел.

Белгілі болғандай, Елена үйіне келіп, киімін ауыстырған. Алайда өзімен бірге ешқандай затын алмапты. Кейіннен оның достарымен кездесуге барамағаны анықталды.

Бүгінде оның қайда екені белгісіз болып отыр.

Елена жоғалып кеткен күні үстінде қызғылт-сұр түсті күрте, басында қызғылт түсті бас киім болған болуы мүмкін.

Ол туралы қандай да бір мәліметке ие адамдардан 8-747-349-57-17 немесе 102 нөмірлеріне қоңырау шалуы сұралады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау