Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған күнінде достарымен араздасып қалған қыз 4 күн бойы тайгада адасып жүрген

Кемеров облысында төрт күн бұрын тайгада жоғалып кеткен Новокузнецк қаласының тұрғыны табылды. Бойжеткен тығырықтан өзі жол тауып, адамдардан көмек сұраған.

lesa_tajgi_big

Сурет: pagetravel.ru 

Бұл туралы РЕН ТВ хабарлайды.

Аймақ бойынша ІІМ басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 жастағы қыз туған күн кешінде достарымен араздасып, тайгаға кетіп қалған.

Аяқ киімін батпаққа түсіріп алған бойжеткен төрт күн бойы 30 шақырым жерді жалаң аяқ жүріп өткен. Қазір ол ауруханада жатыр, дәрігерлер ағзасы шаршаған және сусызданған деп диагноз қойды.

Жіберіп алмаңыз:

Тайгада босанған әйелді полицейлер жыртқыш аюлардан қорғап қалды

Мектеп оқушысы адасып кеткен күшікті иесіне қайтарып, 10 мың доллар алды

Талқылау