Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досаев теңгенің әлемдегі ең әлсіз валютаға айналуының себебін түсіндірді

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұған энергоресурстарға бағаның түсуі түрткі болған.

4686555b7a8b7b4fb07417b6c57d4bd1

Бұл туралы ктк арнасы хабарлады

Қазақтың теңгесі тамыз айынан бастап 90 пайызға дейін құнсызанып кеткен болатын. Сөйтіп Еуразия кеңістігіндегі ең көп девальвацияға ұшыраған әлсіз валюта ретінде танылып отыр. Ал бұл жайтқа бола алаңдап жатқан шенеуніктер жоқ. Еліміздің бас экономисті теңгенің құлдырауын мұнайдың арзандауынан көріп отыр.

«Біз екі-үш вариант жаңа сценарийді қарастырып жатырмыз. Оның ішінде мұнайдың бағасы 35-30 долларға дейін төменге түскеннен кейін сол жұмыстарымызды бітіріп, ертең Үкіметте экономикалық саясат кеңесін өткіземіз. Соның ішінде Ұлттық банк төрағасы, Қаржы министрі, мен өз көрсеткіштерімізбен бөлісіп, Жаңа жылға дайындаламыз»,-деді ҚРҰлттық экономика министрі Ерболат Досаев

Талқылау